№1 қалалық емхананың қызметкерлері шетте қалмай, Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы бөгетті нығайту жұмыстарына белсенді қатысты. Қорғаныс құрылыстарын күшейту аясында олар құм салынған қаптарды қойып, елді мекенді қорғаудың жалпы ісіне өз үлестерін қосты.
