- Диспансерлік есепте тұрған және жиі ауыратын балалар
- жүкті әйелдер
- эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша
- Диспансерлік есепте тұрған ересектер
- медицина қызметкерлері
Екпе барлық МСАК ұйымдарында қолжетімді. Вакцинация — тұмаудан қорғанудың ең тиімді жолы. Тұмау ауа-тамшы жолымен тез тарайды.
№1 қалалық емхананың директоры өзі вакцинация алып, эстафетаны №2 және №3 қалалық емханалардың басшыларына табыстап, барлық әріптестер мен қала тұрғындарын өз денсаулығына қамқорлықты кейінге қалдырмауға шақырды!
Дәрігерлер ескертеді: вакцинациямен қатар, қарапайым алдын алу шараларын сақтау маңызды — қол гигиенасы, маска қолдану және науқас адамдармен байланысты азайту. Өзіңізді және жақындарыңызды күтіңіз!
