KZ

RU
Call-Орталығы:
626-226, 630-163

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208
Пациенттерді қолдау қызметі:
625-325, 630-164, +7 (775) 0963064
Аптека: 630-165, +7 (775) 0963065

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Адалдық - кәсіптің негізгі қағидасы: Емханадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу

№1 қалалық емханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапкершілік және кәсіби қызметінде адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша жұмысқа жаңа қабылданған қызметкерлермен кездесу өтті.

Комплаенс - маман Сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі талаптар туралы айтып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы еске салды.

Кездесу барысында келесі тақырыптар қамтылды:

  • пара алу және заңсыз сыйлықақының өзге де нысандары;
  • лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану;
  • қызметтік ақпаратты жеке мақсатта заңсыз пайдалану;
  • мүдделер қақтығысы және оның салдары;
  • бейресми «алғыс» пен делдалдар арқылы игiлiктер мен артықшылықтар алуға жол бермеу.

Бір қарағанда, кішігірім тәртіп бұзушылық болып көрінгенімен бұл әрекет тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін, сонымен қатар қызметкердің де, жалпы медициналық ұйымның да беделіне нұқсан келтіруі мүмкін екендігіне ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер жаңадан жұмысқа келген қызметкерлерге жұмыстың алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтаудың маңыздылығын түсінуге, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау және пациенттердің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға көмектеседі.


Возврат к списку


Call-Орталығы:
626-226, 630-163

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208
Пациенттерді қолдау қызметі:
625-325, 630-164, +7 (775) 0963064
Аптека: 630-165, +7 (775) 0963065

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: