Қалалық емханада медицина қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы қызметкерден хабарлама келіп түскен кездегі іс-қимыл алгоритмі мен оның қорғалуын қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.
Құжаттың негізгі ережелерін комплаенс-маман түсіндірді:
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық ақпарат алу кезіндегі іс-қимыл тәртібі;
- заңнамада белгіленген хабарлама арналары;
- сыбайлас жемқорлық жағдайы туралы хабарлаған қызметкерлерді қорғау кепілдіктері;
- ақпарат берушілердің құпиялылығы және оларды қудалауға жол бермеуге қойылатын талаптар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және емхана қызметінде адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға ерекше назар аударылды.
