KZ

RU
Call-Орталығы:
626-226, 630-163

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208
Пациенттерді қолдау қызметі:
625-325, 630-164, +7 (775) 0963064
Аптека: 630-165, +7 (775) 0963065

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Бала 18 жасқа толғаннан кейін сақтандырылған мәртебесін жоғалта ма?

18 жасқа дейінгі балалар МӘМС жүйесінде мемлекет есебінен сақтандырылған. Сондықтан ата-аналарда бала кәмелет жасына толғаннан кейін оның сақтандыру мәртебесі сақтала ма деген сұрақ жиі туындайды.

Сақтандырылған мәртебесі келесі жағдайларда сақталады:
  • Егер бала 18 жасқа толса, бірақ оқуын күндізгі бөлімде (мектеп, колледж, жоғары оқу орны) жалғастырса, ол жеңілдік санатына жатады және мемлекет жарна төлеуді жалғастырады.
  • Егер мүгедектігі болса, жасына қарамастан, мемлекет жарналарды төлейді, себебі мүгедектігі бар адамдар жеңілдік санатына кіреді.
  • Егер 18 жастан кейін адам оқымаса және жұмыс істемесе, ол ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеле алады. Бұл жағдайда жарналарды жергілікті атқарушы орган төлейді.

Егер кәмелетке толған азамат ресми түрде жұмысқа орналасса немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, ол жұмыс беруші есебінен немесе өз жарналары есебінен сақтандырылады.

Басқа жағдайларда сақтандырылған мәртебесін сақтау және МӘМС аясында медициналық көмек алу құқығына ие болу үшін, 18-ге толған азамат дербес төлеуші ретінде жарналарды өзі төлеуі қажет (2026 жылы – айына 4 250 теңге).


Возврат к списку


Call-Орталығы:
626-226, 630-163

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208
Пациенттерді қолдау қызметі:
625-325, 630-164, +7 (775) 0963064
Аптека: 630-165, +7 (775) 0963065

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: