20 наурыз – Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулығын сақтау күніне орай біздің емханада 2026 жылғы 17 наурызда ашық есік күні өткізілді. Санбюллетеньдер, денсаулық бұрыштары, сұрақ-жауап тақталары ресімделіп, орналастырылды. Денсаулық мектептерінде әңгімелесулер, сұрақ-жауап сағаттары, медицина қызметкерлеріне арналған семинарлар өткізілді, онда ауыз қуысы ауруларының алдын алу, ерте анықтау, диагностикалау, емдеу, қауіп факторлары талқыланды. Жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларда тақырыптық сабақтар, сынып сағаттары және сурет байқаулары өтті.
