
Голубева Анна Васильевна
Диагностикалық бөлімше меңгерушісі, 1 біліктілік санаты бар, жұмыс өтілі 16 жыл
Телефон: 626-226 (қосымша: 375)

Лосева Марина Николаевна
Диагностикалық бөлімшенің аға мейіргері, жұмыс өтілі 8 жыл.
Телефон: 626-226 (қосымша: 375)
Қалалық емхананың бөлімшесі болып табылады, заманауи зертханалық-диагностикалық құралдармен жабдықталған, білікті дәрігерлік және орта медициналық кадрлармен жасақталған.
Төменде берілген кабинеттерде зерттеудің әр түрлері орындалады:
Флюорография кабинеті.
Емханаға тіркелген халықты, оқуға түсетіндер, жұмысқа тұратындар, әскерге шақырылатындар, орта білім беру мекемелері мен ЖОО оқушылары профилактикалық байқаудан өтуі кезінде флюрографиялық зерттеуден өткізеді.
Рентген кабинеті.
Өңеш, ұлтабар, жіңішке, жуан ішектің рентгеноскопиялық және рентгенологиялық зерттеуі; кеуде, сүйек пен буын, омыртқа, бас сүйегі, мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы жасалады.
Функционалды диагностика кабинеті
Бұл жерде ЭКГ – электрокардиограмма, ЭХОКГ – жүрек УДЗ, Тредмил – жүктеме тест (жүрек ишемиясын анықтау үшін), Холтер – ЭКГ тәуліктік мониторинг, СМАД – қан қысымын тәуліктік мониторингтеу, Спирография – ішкі тыныс алу функциясын графикалық зерттеу (автоматты аппаратта), Спирометрия – ішкі тыныс алу функциясын зерттеу, Динамометрия – бұлшықет күшін зерттеу.
Ультрадыбысты диагностика кабинеті.
Ішкі органдарға ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі: бауыр, өт қабы, ұйқыбезі, көкбауыр, бүйрекбез, қуық, қуықасты безі, жатыр, анабезі, қалқанша безі, сүт бездері, плевралық қуыс, жүктілік кезінде ұрықты зерттеу.
Эндоскопиялық зерттеу кабинеті.
Халықтың мақсатты тобын скринингтен өткізу аясында және медициналық көрсеткіштер бойынша фиброгастродуоденоскопия (өңеш, асқазан, ұлтабарды зерттеу), фиброколоноскопия (жуан ішекті зерттеу), ректороманоскопия (тік ішекті зерттеу) жасалады.
Клиникалық зертханалық зерттеу кабинеті.
Бұл жерде клиникалық зертханалық зерттеулер кешені жасалады: қан және несептің жалпы анализі, қан тобы мен резус факторын анықтау, спермограмма, простата сөлін, Вассерман реакциясына қанды зерттеу, безгекке қан анализі, қандағы глюкозаны анықтау, қақырықтың жалпы анализі, сүртіндінің бактериоскопиясы, флора мен тазалық дәрежесіне әйелдерден алынған сүртінді талдауы, ішекқұрт жұмыртқасы мен қарапайымдыларды анықтауға нәжіс анализі, жасырын қанға нәжісті зерттеу.